Қазақ филологиясы және екінші шет тілі кафедрасы
Қазақ филологиясы және екінші шет тілі кафедрасының негізі 1996 жылы қаланған. Әр жылдары кафедраға ф.ғ.к., доцент Жалғасбаева Ж.С., ф.ғ.к., Жакупова С.Х., ф.ғ.к., доцент Сембиев Қ.З. т.б. меңгерушілік етті. 2008 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.А.Кенжеғалиев.
Қазір кафедрада 11 оқытушы қызмет атқарады. Оның екеуі – филология ғылымдарының докторы, профессор, үшеуі – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, төртеуі – магистр, екеуі оқытушы.
20 жылдай тарихы бар қазақ филологиясы және екінші шет тілі кафедрасы бүгінгі таңда «05011700 – қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша мамандар (бакалавриат) дайындайтын кафедра. Жоғары оқу орнынан кейін «6М011700 – қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурада білім береді.
Кафедрада шетелмен байланыс жақсы жолға қойылған. Профессор-оқытушылар әр түрлі халықаралық оқу орындармен ғылыми байланыс жасайды, олардың ішінде Руайан қаласындағы жоғары оқу орындармен, АҚШ-ғы Балтимор қаласындағы жоғары оқу орындармен және Ресей, Қытай, Түрік елдерінің жоғары оқу орындарымен тікелей байланыс жасайды.
Кафедра ғалымдары мектеп оқушыларына ғылыми бағыт беріп, ізденушілік жұмыстарына жетекшілік етеді.
Кафедра құрамы
· Кенжеғалиев Саян Ақылжанұлы – ф.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі
· Жартыбаев Асылбек Ешенқұлұлы – ф.ғ.д., профессор
· Тлеубекова Ботакөз Тұрғанбайқызы – ф.ғ.к., доцент
· Жакупова Сайран Қажымұратқызы- ф.ғ.к., аға оқытушы
· Жанұзақова ҚарлығашҚалдарқызы- ф.ғ.м., аға оқытушы
· Ержанова Бибігүл Жақсылыковна - ф.ғ.м., аға оқытушы
· Бейсен Дәурен Бейсенұлы– п.ғ.м., оқытушы
· Алибаева Айгерім Бекбулатқызы - п.ғ.м., оқытушы
· Савченко Таисия Тимофеевна- ф.ғ.д., профессор
· Шаймұрат Сәлдет – аға оқытушы
· Еремина Ольга Викторовна – оқытушы
Мамандықтар
Кафедра – «05011700 – қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша студенттер, «6М011700 – қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистранттарды дайындайды.
Бітіруші түлектер оқуды тамамдаған соң мынадай салаларда қызмет атқара алады:
білім: (жалпы орта білім беретін, кәсіптік орта білім беретін мектеп, мекемелер, гимназия, лицей, колледждердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі);
ғылым зерттеу ісі: (зерттеуші-мұғалім, шығармашылық және басқа да жоба қызметкері);
БАҚ: (баспа редакторы, диктор);
Баспа ісі: (баспа редакторы);
Мемлекеттік қызмет: (мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардағы түрлі деңгейдегі қызметкерлер).
Халықаралық бірлестік
Халықаралық бірлестік. Кафедра оқытушы – профессорлары Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Болашақ академиясы сияқты т.б жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті кафедраларымен ғылыми – зерттеушілік байланыс орнатады.
Кафедрада Шыңжан (Қытай) университетімен, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша меморандум жасалған.
Қазақ филологиясы және екінші шет тілі кафедрасы АҚШ мемлекеттік департаментімен, Абылай хан атындағы әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетімен, Италия, Испания, Корея, Түркия елшіліктерімен байланыс орнатады.
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы Еуропаның, Азияның ЖОО-да халықаралық тағылымдамадан өтті. Доцент С.А. Кенжеғалиев, ф.ғ.к. С.Х.Жакупова, ф.ғ.к. Б.Т. Тлеубекова, профессор Т.Т.Савченко, профессор А.Е.Жартыбаевтар шет елдермен берік байланыс орнатып, өз тәжірибелерін шыңдап келді.
Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар
Ғылыми-зерттеу жұмысы, бiлiм беру жүйесінің ажырамас бөлiгi. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы түрлі бағыттарда ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізуде.
Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеу жұмысының түпкі нысандары:
- мақала, баяндама, сын- пiкiр дайындау;
- ғылыми конференция мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар дайындау, нәтижелерін жиынақтау, қорытынды жасау;
- дипломдық, магистрлікжұмыстардың жазылуы барысында ғылыми жетекшіліктіжүзеге асыру;
- студентердің ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру және т.б.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы (ПОҚ) лингвистика, мемлекеттік және шет тілдерді оқыту әдістемелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Кафедраның ПОҚ- ның ғылыми басты бағыттары:
- көп тiлдiк білімі: аудару барысында туатын теориялы, тәжірибелік мәселе;
- мемлекеттік, шет тілдерді оқыту кезінде жаңа тиімді, нәтижелі әдістерді қолдану.
Көп тілдік бiлiмiндегi инвестициялық зерттеулер, аудару барысында туатын теориялық, тәжірибелік мәселелер, қазақ әдебиетінің шығармаларын өзге шет тiлдерге аударғанда тексеру жүргізу - осының бәрі ПОҚ кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысының басты тақырыптары.
Оқытушылар қазіргі қазақ, орыс және шетел тіл білімін келесі инициативті ғылыми тақырыптарға жұмыс істейді:
- «Тiлдiк лексиконның берiлу жолдары»;
- «Француз тілінің сөзжасамдағы реликтік құбылыстары»;
- «Аймақтық топонимия мәселелерi»;
- «Жыраулар шығармаларының тiлi»;
- «Қазiргi қазақ романдарындағы каhарманның рухани әлемi (60-80 ж.)»;
- «Қазақ тiлiндегi реликт түбiр морфемалар»;
- «Көркем әдебиет шығармалардағы онейропоэтикасы»;
- «Қазақ әдеби сыны»;
- «Тарихи жырлардағы монолог кызметi»;
- «Қытай тілінің сөзжасамдағы ерекшеліктері»;
Оқытушылардың ғылыми зеррттеу нәтижесінде республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, халықаралық және республикалық ғылыми-әдістемелік семинарлардың апробациясы өтіледі; студенттер курстық, дипломдық жұмыстарды, магистрлік диссертацияларды жазғанда, оқытушылардың ғылыми зерттеу нәтижесі қолданылып жатыр, тағы да жоғары оқу орындарының және мектептерінің оқу үрдісіне енгізіледі.
Кафедраның ғылыми әлеуетін ғылыми дәрежесі мен атағы бар тәжірибелі мұғалімдер:
Жартыбаев А.Е. – филология ғылымдарының докторы, профессоры
Ғылыми бағыты: тюркология, ономастика.
Савченко Т.Т. - филология ғылымдарының докторы, профессоры
Ғылыми бағыты: орыс тілі мен әдебиеті.
Жакупова С.Х. – филология ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми бағыты:салыстырмалы-салғастырмалы, жалпы тіл білімі.
Кенжегалиев С.А. - филология ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми бағыты: қазақ тіл білімі
Тлеубекова Б.Т. – филология ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми бағыты: қазақ әдебиеті.
Алибаева А.Б. – педагогика ғылымдарының магистрі.
Ғылыми бағыты: орыс тілі мен әдебиеті.
Жанузахова К.К.- педагогика ғылымдарының магистрі.
Ғылыми бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті.
Бейсен Д. - педагогика ғылымдарының магистрі.
Ғылыми бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті.
ПОҚбасылымдары:
Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеуінің негізгі бағытының тақырыбы бойынша ғылыми мақалаларды жариялап, әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысу үшін, ғылыми баяндамаларды жасайды.
Негізгі еңбектері:
Ф.ғ.к. Тлеубекова Б.Т.: «Қазақ романы: образ және типология» монографиясы, «Қазақ романы: көркем айшықтар және типология», «Қазақ романдарын оқыту жолдары» (2013 ж.) оқу құралдары.
Ф.ғ.к. Сембиев К.З.: «Қазіргі қазақ тілінің қысқаша синтаксис курсы» оқу құралы.
Ф.ғ.к. Кенжеғалиев С.А.: Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың психолингвистикалық қырлары. Қарағанды 2015. Монография.
Ф.ғ.к. Кенжеғалиев С.А.: Жыраулар поэзиясындағы көнерген сөздер. Методикалық құрал. Қарағанды қ., 2013ж.
Ф.ғ.к. Кенжеғалиев С.А.: Шартты рай формасы арқылы жасалған құрмалас сөйлемдер. Методикалық құрал. Қарағанды қ., 2013ж.
Квалификацияны көтеру:
Кафедраның ПОҚ әрдайым білім беретін бағдарламалар бойынша жергілікті және шетелдің білім мен ғылыми ұйымдарында өз біліктілігін арттырып отырады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы:
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы екі басты бағытта өткізіледі: ғылыми конференцияларда және «Сұңқар» ғылыми үйірмесінің жұмысына қатысуы.
Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс
Кафедрада студенттердің тәрбие жұмысына ерекше көніл бөлінеді. Кафедраның тәрбие жұмысының басты мақсат-міндеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын, алдарына үлкен мақсат қоя алатын және сол мақстаттарға қол жеткізу мүмкіндігін ие жан-жақты, тәрбиелі, білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Кафедраның тәрбие жұмысы жоспарлы түрде академияның, сондай-ақ факультеттің тәрбие жұмысының жылдық жоспары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Кафедра кураторлары осы жоспарға сәйкес өзіне белгіленген оптармен жүйелі жұмыс атқарады. Академияның Жарғысымен барлық студенттер нұсқаулықтағы ішкі ережелермен танысты.
Тәрбие жұмысының негізгі БАҒЫТТАРЫ:
• Азаматтық -патриоттық: көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен мәдениетін, өнер және дін, жастар саяси деструктивті идеялардың таралуының алдын алу және әлеуметтік-саяси сауаттылығын тәрбиелеу, әрбір азаматқа құрметпен қарау, мемлекеттік саясатқа қолдау көрсету;
• Моральдық және рухани: студенттерге иммундық деструктивті діни идеологияны арттыру, қоғамдағы діннің орны мен рөлін түсіндіру;
• Құқықтық: жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу;
• Дене шынықтыру: спортты дамыту, әуесқой спорттық жарыстарға қатысу;
• Мәдени және шығармашылық: қаламгерлер кешіне қатысу, эстетикалық талғамын қалыптастыру, студенттердің шығармашылығын дамыту;
• Әлеуметтік: студенттердің ерікті қозғалысы мен әлеуметтік әріптестік принциптерін түсіндіру, қалыптастыру және дамыту.
Міндеттер:
• студенттердің корпоративтік рухын нығайту;
• студенттерді белсенділігің ынталандыру;
• сыбайлас жемқорлық бағытында студенттердің теріс көзқарасын қалыптастыру;
• барлық студент контингенттін әлеуметтік қызметіне тарту;
• сапалы білім алу идеясы мақсатында студенттердің діни және саяси бірлестіктерге бөлу ұтқырлығын және бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
• студенттердің бойындағы ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
• ұлтаралық және ұлтаралық қарым-қатынас қақтығыстар туралы ескерту.
Топ тәлімгерлері тәрбие жұмысы бойынша академиялық, қалалық, республикалық шараларға ат салысып, түрлі қоғамдық жұмыстар атқарады. Студеттердің ата-аналарымен тұрақты қарым-қатынаста, байланыста болуы - кафедрадағы әр тәлімгердің міндеті.
Сондай-ақ, студенттерінің ұлттық тарих пен мәдениет, тіл мен әдебиет жайлы білімі мен біліктілігін арттыра отырып, оларға ғылыми-эстетикалық, мәдени-этикалық тәрбие беру мақсатында «Сұңқар» клубы жұмыс жасайды.